Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер көлігін мас күйде тізгіндеген жүргізушіні ұстады

Алматылық полицейлер көлігін мас күйде тізгіндеген жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Mitsubishi автокөлігін мас күйінде басқарған және жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіретін заңсыз әрекет жасағаны үшін 48 жастағы П.есімді азамат ұсталды.

– Аталған көлікті “Буран-305” патрульдік экипажының мүшелері Жансүгіров пен Бурундайская көшелерінің қиылысында ұстады. Жүргізушіден алкогольдің иісі қатты шығып тұрды, оның өзі де мас күйінде рөлге отырғанын мойындады. Медициналық тексеру орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдықты көрсетті. Жүргізуші көлік жүргізуден шеттетілді.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1 бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен П.есімді азамат, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 20-30 қарашасы аралығында қалада “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Ол ЖҚЕ бұзу деректерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру