Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушыны ұстады

Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметтері бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Аталған компанияның салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру