Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер заңсыз көші-қонның 4 арнасын тоқтатты

Алматылық полицейлер заңсыз көші-қонның төрт арнасын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 маусым мен 4 шілде аралығында Алматы қаласында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында «Нелегал» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Іс-шараның төрт күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 612 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 39 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 200 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 22 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырудың 4 дерегі анықталып, жолы кесілді. Жеке тасымалдаумен айналысатын шетелдіктерді анықтау жұмыстары да жүргізілуде. Шолохов пен Станкевич көшелерінің қиылысында заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан, Chevrolet көлігін тізгіндеген Өзбекстан Республикасының азаматы тоқтатылды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша материал жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Оның жұмыс берушісі де ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру