Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық тұрғын есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін қамауға алынды

Алматылық тұрғын есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Алматы қаласында жедел іс-шара жүргізіп, нәтижесінде 67 жастағы әйел есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен ұсталды.

Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген жедел тінту барысында, жатын бөлмелердің бірінде дәрі-дәрмектердің арасынан сары скотчпен оралған түйін табылды.

Пакеттің ішінен ерекше иісі бар жасыл түсті зат анықталды, оның жалпы салмағы шамамен бір келіні құрады.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Полиция есірткі заттарын сақтау, тарату және сату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру