Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының орталығында есірткі жарнамасын бояуға арналған ауқымды науқан өтті

Алматының орталығында есірткі жарнамасын бояуға арналған ауқымды науқан өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының Алмалы ауданында аудан әкімдігі, "Наркостоп" қоғамдық бірлестігі, еріктілер мен жастардың белсенді қатысуымен қалалық ортада есірткі насихатына қарсы бағытталған ауқымды профилактикалық науқан өтті. Іс-шара аясында ғимараттардың қасбеттерінде, қоршауларда және басқа да инфрақұрылым нысандарында анықталған есірткі граффитилері жедел түрде боялды.

Адамдар көп жиналатын орындарда – көшелерде, оқу орындарының маңында, саябақтар мен аулаларда профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Тұрғындар арасында, оның ішінде жасөспірімдер мен жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.

- Бүгінде жастарды есірткіге қарсы профилактикалық шараларға тарту – аса маңызды. Жас алматылықтар өз қолдарымен тыйым салынған заттарды насихаттайтын жазуларды бояп жатқан кезде бұл – айқын белгі: біздің қаламыз – есірткіге қарсы, біз жастарды тәуелділіктің құрдымға апарар шеңберіне тартуға жол бермейміз. Есірткі жарнамасын жою және қоғамды есірткіге қарсы іс-қимылға тарту жұмыстары Алматыда жүйелі түрде жалғасып келеді. Тек бірлесе әрекет ету арқылы – полиция, жергілікті билік және азаматтық қоғам серіктестігі арқылы біз қауіпсіз әрі салауатты қалалық ортаны қалыптастыра аламыз, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Спикердің айтуынша, мұндай іс-шаралар есірткі қылмысына қарсы күресте профилактикалық бағытты күшейтуге және азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру