Алматының патрульдік полицейі қарулы адамды залалсыздандырды
Алматының патрульдік полицейі қарулы адамды залалсыздандырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі он екілер шамасында Великолукская көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғыны "102" пультіне қоңырау шалып, пәтерін жалдаушының пышақпен қорқытып отырғанын айтты.
Дабыл қағылған хабарламаға бірінші болып "Гранит-8" патрульдік полициясының экипажы жауап берді.
Қарулы адам көшеде болған. Ол полицияның талаптарына жауап берген жоқ.
Ыңғайлы сәтті күткен патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі, полиция аға сержанты Кемелов самбо техникасын қолданып, құқық бұзушыны құлатып, серіктесімен бірге оны залалсыздандырды.
Құқық бұзушы 1972 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты. Оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 293 бабы бойынша квалификацияланған.
Сонымен қатар, құқық бұзушының көші-қон заңнамасын бұза отырып, ел аумағында болғаны анықталды.
Өзбекстан азаматы ұсталды.