Алматының үздік тәртіп сақшылары кәсіби мереке қарсаңында марапатталды
Алматының үздік тәртіп сақшылары кәсіби мереке қарсаңында марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жалпы құқық қорғау жүйесінің рөлі мен маңыздылығын арттырып, ішкі істер органдарына ерекше міндеттер жүктейді.
Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрі және департаменттің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, кәсіби біліктілігі мен жоғары көрсеткіштері үшін Департаменттің 200-ден астам қызметкері марапатталды.
– Полиция қызметкері болу дегеніміз – өзіңізді адамдарға арнау, өйткені қазақстандықтардың мүдделері, тыныш және қорғалған өміріне басымдылық беріледі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам игілігі үшін тиімді жұмысты қамтамасыз етуге бағытталған полиция қызметкерінің басты қасиеттеріне тоқталды. Бұл жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық пен ақ ниеттілік, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
Алматылықтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы мереке және демалыс күндеріне қарамастан, күні-түні 6 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін үлкен және көп функциялы мемлекеттік орган – полиция департаментіне жүктелген.
Қазақстан полициясы күні алматылық тәртіп сақшылары қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алды.
Полиция департаментінде қаза тапқан тәртіп сақшыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Қонақтар алдында сөз сөйлеген Арыстанғани Заппаров, тәуелсіздік жылдарында 83-тен астам алматылық полицей қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқанын, оның 37-сі қылмыспен бітіспес күресте көз жұмғанын атап өтті.
– Әсіресе олардың барлық жоспарлары мен үміттерін жүзеге асырып үлгермей, халқы мен Отаны үшін жас кезінде, бейбіт заманда жанын қиғанын түсіну өте ауыр. Олардың ерлігін өмірінің соңғы минуттарында қасында болған әріптестері де, әкелерінің ерліктерін естіп өсетін балалар да ұмытпайды, – деді Арыстанғани Заппаров.