Алматының жеке секторында фитолаборатория анықталды
Алматының жеке секторында фитолаборатория анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының айтуынша, ол Алматының Наурызбай ауданындағы жеке секторда орналасқан.
Жеке тұрғын үйдің ауласынан қарасора егіні анықталды. Топырақтан құрамында есірткі бар өсімдіктің 14 егілген бұтасы алынды. Сонымен қатар, жазғы верандадан пластик бөтелкелерден, қолдан жасалған 2 шылым шегетін құрал тәркіленді. Моншадан құрамында ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар үш пластик байлам табылды және тәркіленді.
Сондай-ақ үйдің бірінші қабатындағы бір бөлме есірткілік өсімдіктерді өсіруге арналғандығы анықталды, одан 9 түп бұта табылып, тәркіленді.
– Аталған дерек бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды, — деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.
Қазақстан ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.