Алматының жоғары оқу орындарында полицейлер дәріс оқуда
Алматының жоғары оқу орындарында полицейлер дәріс оқуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтықтың құрбаны немесе оған қатысы бар адам болудан қалай сақтануға болады? Алматы полициясы жастарға маңызды кеңес берді.
Дәрістердің негізгі мақсаты – "оңай ақша" іздеп, заң бұзуға бейім жастарды құқықтық сауаттандыру.
– Біз алаяқтардың заңсыз қаржылық схемаларына қатысатын, дропперлер деп аталатын жастар туралы айтып отырмыз. Олар ақшалай өтемақы алу үшін өзге азаматтарды алдауға барады. Жастардың саналы, заңға бағынышты болуы өте маңызды. Олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында біз қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінде бірқатар танымдық дәрістер өткіземіз. Осындай кездесулердің бірі “Нұр-Мүбәрак” университетінде өтті. Біз алаяқтықтың жаңа түрлері және олардан қорғану жолдары туралы айттық. Ал басқа жедел қызмет өкілдері нашақорлық пен құмар ойындарға тәуелділік тақырыбында дәріс оқыды, – деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Кездесу барысында студенттер полиция өкілдеріне сұрақтарын қойып, нақты оқиғалар негізінде берілген практикалық кеңестермен танысты.
Бұл шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың өмірлік маңызды шешімдерді саналы қабылдауына ықпал етті.