Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алтын бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен шымкенттік ұсталды

Алтын бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 24 мамырында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу үйіне терезесін ығыстыру арқылы кіріп, сейфтің ішінде болған жеке куәлігін және төлқұжатын, банкомат карточкасын және құны 400 мың теңге тұратын алтын сырғасын, құны 150 мың теңге тұратын күміс комплект сырғасын және 50 мың теңге ақшасын ұрлағанын көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрап отыр.

Тәртіп сақшылары ұрлық жайты болған мекен-жайға тез арада жетіп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден сұрастырып, көршілерден сауалнамалар жүргізді.
Полицейлердің шұғыл іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған ер адам ұсталды. Ұсталған күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру