Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

90 млн теңгенің алтыны мен бриллиант бұйымдары ұрланды

90 миллион теңгелік шығынның орнын толтырған полицейлерге шымкенттік тұрғын алғысын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етіп алып кету жайты туралы арызданды.

Арыз бойынша оның танысы базардағы алтын павильонынан алтын және бриллиант бұйымдарын алып кетіп, нәтижесінде 90 млн. теңге мүліктік шығын келтірген.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігімен “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” қылмыстық іс-тіркелді.

Күдікті алтынның бір бөлігін базар жанындағы ломбардқа кепілдікке тастағаны анықталды. Ал қалған алтын бұйымдар 1982 жылы туған күдікті әйелден тәркіленіп алынды.

Осы аталған қылмыс бойынша Түркістан облысының тұрғыны ұсталып, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының тергеу бөліміне жеткізілді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру