Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алюминий ұрлаған қарағандылық құрықталды

Қарағанды қаласында біреуге тиесілі металды қолды еткен күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 50 жастағы кәсіпкерден ұрлық фактісі бойынша арыз түсті. Жәбірленуші азамат белгісіз біреудің гаражынан алты қап алюминийді ұрлап кеткенін айтқан. Ол металды өзге біреуден сатып алып, өңдеуге бермекші болған. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады. 

Полиция қызметкерлері бірден металл қабылдайтын орындарды тексерді. Тексеру барысында металл қабылдайтын орындардың бірінен ұрланған алюминий табылды. Кейін оны өткізген азамат та анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде осы қылмысты жасады деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталып, ол қылмысын мойындады. Айғақ зат тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру