Әмбебап жекпе-жектен 16 маңғыстаулық полицей жүлделі орындарға ие болды
Әмбебап жекпе-жектен 16 маңғыстаулық полицей жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23-27 наурыз күндері аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында «Каспий» спорт кешенінде әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ауқымды чемпионатқа 17 облыстан 200-ден астам спортшы қатысты. Қатысушылардың қатарында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері де болды.
Полиция департаментінің 16 қызметкері жүлделі орындарға ие болып, Маңғыстау облысы Полиция департаменті құрама командасы бірінші орынды иеленді.
Жеңіске жеткен қызметкерлерді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Аян Дуйсембаев өз қызметтік міндеттерімен қоса спорттың болашақ дамуына үлестерін қосып, иеленген жүлделі орындарымен құттықтап, алғыс хат табыстады.