Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мешітке келушілердің жеке заттарын қолды еткен күдікті ұсталды

Алматы облысы Наурызбай ауданының аумағында бір ай бойы ер адам намаз кезінде мешіттердің кіре берісіндегі жеке мүліктерді ұрлаумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, күдікті азамат  Д., 1992 жылы туған, намаз кезінде мешітке келген. Ыңғайлы сәтті қолдана отырып 27 жасар ер адам намаз уақытында мешітке келушілердің сыртқы киімінің қалталарын тексеріп, сол жерден ақша ұрлап кеткен,-деп хабарлады Наурызбай ауданы полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дидар Аханов.

Қазіргі уақытта тергеу барысында күдіктінің бөтен мүлікті ұрлауға қатысы бар екендігі анықталды.

Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті Алматы қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сонымен қатар, оның басқа қылмыстарға қатыстылығы да тексеріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру