Ана жоғалған ұлын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді
Ана жоғалған ұлын тауып берген атыраулық полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атыраулық учаскелік полиция инспекторы Ғибадат Сүлейменов Нұрсая ықшам ауданындағы өз аумақтарын тексеру кезінде, бес жастағы баланың жалғыз жүргендігін байқайды.Тілдеспек болып, сөзге тартқанмен бала үндемейді. Оның сөйлей алмайтындығын байқап, дереу ата-анасын іздестіру жұмыстарын бастайды.
Көп ұзамай, Полиция басқармасының жедел басқару орталығының «102» операторына қала тұрғынынан бес жастағы баласы аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткені туралы хабар түседі.
Жоғалған ұлын тауып алған полиция қызметкерлерінің қырағылығына ризашылығын баланың анасы бейнежазба арқылы жеткізді.