Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Анама барайыншы»: полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарды

Қарағанды облысының полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Саран қаласының учаскелік полиция инспекторы Олжас Кәріпбаев қызмет атқару барысында түнгі сағат 24.00 шамасында кезекші бөлімнен қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

– Арада бес минут уақыт өткенде мен аталған үйдің дәлізіне кірдім. Жанжал шығып жатыр деген пәтер бесінші қабатта орналасқан. Үйдің есігі ашық болды. Кіреберістен кіргенімде қонақ бөлмесінің жарық шамы жағулы, ер азамат пен қорықып қалған балаларды көрдім. Ал ас бөлмесінде жарық болмады. Терезеде азаматша артқа қарай шалқайып, денесін далаға шығарып, терезенің жақтауынан қолымен ұсталып тұр, – дейді Олжас Кәріпбаев.

Азаматша өмір сүргісі келмейтінін айтқан. Егер ол қолын босатып жіберсе, қайғылы жағдай болуы әбден мүмкін еді.

Ішкі істер саласында 14 жыл еңбек өтілі бар Олжас бұндай жағдайда не істеу керектігін жақсы біледі. Сондықтан да ол алдымен азаматшаны сөзге тартып, артық қадамға бармауға шақырды. Кейін қасына жақындап, терезеден сыртқа секірмек болған азаматша бірден ұстап, ас бөлмесіне түсіріп алды.

ВИДЕО МҰНДА

Белгілі болғандай, азаматшаның анасы қайтыс болып, ол бұл жағдайды өте ауыр қабылдап, жүйкесі де сыр берген. Өзінің жолдасымен арада шыққан жанжалдан кейін өзін ешкімге керек емес деп түсініп, осындай жағдайға барған. Дер кезінде келген полиция қызметкерінің арқасында азаматша аман қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру