Аң аулау ережелерін бұзудың 13 фактісі анықталды
Ақтөбеде іс-шара барысында аң аулау ережелерін бұзудың 13 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 12 қазан мен 11 қараша аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.
Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін, заңсыз өндірілген объектілер мен биоресурстар өнімдерін сатып алу, өткізу орындарын, сондай-ақ олардың заңсыз айналымымен айналысатын топтар мен адамдарды анықтау.
Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданының №3 ҚПБ аумағында 20 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 13 аң аулау ережелерін бұзу және жеті су жануарларын заңсыз аулау.