Аңшылар әдетте нені ұмытады: СҚО полицейлері «Браконьер» іс-шарасын өткізді
СҚО полицейлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 күн бойы Солтүстік Қазақстан полицейлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеді. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, 57 мобильдік топтың құрамында өңірдің табиғатын тонауға қарсы бағытталған рейдтер жүргізді.
Көбіне аң аулау ережелерін бұзу фактілері анықталды. Жиналған және оқталған қаруды тасымалдау, алкогольді тұтыну – жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қатаң тыйым салынады. Іс-шара барысында аңшылар тарапынан барлығы 52 құқық бұзушылық анықталды.
– Сондай-ақ ЖПІШ шеңберінде тіркелген қаруды сақтау ережелерінің сақталуына тексеру жүргізілді. Иесі аңшылықтан оралып, мылтықты тастап, оны бірден сейфке салуды ұмытып кететін жағдайлар бар. Осы уақыт ішінде қару бөгде адамдарға қол жетімді, ұрлануы және қылмыс үшін пайдаланылуы мүмкін. Кейде бөгде заттар: ақша, басқа да құнды заттар сейфте қару-жарақ, оқ-дәрілермен бірге сақталады. Бұған да тыйым салынған. ЖПІШ кезінде осындай 7 факт анықталды, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев.
Сондай-ақ облыстың төрт тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді. Мысалы, Қызылжар ауданының 48 жастағы тұрғыны төсегінің астында 16 калибрлі ТОЗ-Б мылтығын сақтап жүрген. Ал Айыртау ауданынан келген 54 жастағы ауыл тұрғынының 12 калибрлі ИЖ мылтығы сарайда жатқан. Осы фактілер бойынша әкімшілік сотқа берілетін материалдар жиналды.