Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ант қабылдау салтанаты: Абай облысында полиция қатары жаңа қызметкерлермен толықты

Абай облысында полиция қатары жаңа қызметкерлермен толықты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінде 26 жас маманның ішкі істер органдарындағы қызмет жолын бастауына арналған гарнизондық саптық жиын өтті. Жас тәртіп сақшылары салтанатты түрде Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтауға, қажет болған жағдайда күш-жігерін де, өмірін де аямауға,
қылмыспен күресіп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ант берді.

Мемлекеттік Әнұранның әуенімен гарнизон сапында тұрған жас қызметкерлер Ант мәтінін дауыстап оқып, азаматтардың құқықтарын қорғауға, заңдарды сақтауға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге уәде етті.

Департамент бастығының орынбасары Шалқар Құнанбаев жас қызметкерлерді құттықтап, олардың қоғамға қызмет ету жолын таңдағанын атап өтті.

— Полиция қызметкері болу – жай ғана мамандық емес. Бұл – үлкен жауапкершілікті, үнемі көмек көрсетуге дайын болуды талап ететін өмірлік ұстаным. Ант сіздердің қызмет жолдарыңыздағы моральдық бағдар болсын, – деді ол.

Ардагерлер кеңесінің төрайымы Раиса Қосубаева да жас тәртіп сақшыларына ізгі тілегін білдіріп, сабырлылық, батылдық пен адалдық тіледі. Оның айтуынша, шынайы құрметке қызметкерді адалдық қана жеткізеді.

Салтанатты шара соңында жас полиция қызметкерлеріне құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қызмет этикасы түсіндірілді. Әрбір жас маманға тәжірибелі қызметкер тәлімгер ретінде бекітілді — бұл қызметте абыроймен жүрген білікті мамандар.

Гарнизондық саптық жиын – бұл жай ғана рәсім емес. Бұл – жауапкершілікке, қызмет етуге және таңдаған мамандығына деген мақтанышқа толы жаңа жолдың бастауы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру