Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақбөкенді сойып алған Жезқазған тұрғыны полиция қолына түсті

Қарағанды облысында ақбөкенді сойған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 шілде шамамен 21.30 да жедел-іздестіру шара барысында Ұлытау полиция бөлімінің қызметкерлері ауданның жанындағы бір қыстақтан ақбөкенді сойғандағы терісін тауып, кінәлі ретінде 28 жастағы Жезқазған тұрғынын ұстады.

Полиция қызметкерлері ақбөкенді сойған ер адамнан «Reiser» маркалы мотоцикл мен екі пышақ тәркіледі.

ҚР ҚК 339-бабының 2-тармағы «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру