Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақкөлдік тұрғын терезесі ашық көліктен құжаттары бар әмиянды ұрлап кетті

Ақкөлде бұрын сотты болған тұрғын терезесі ашық көліктен құжаттары бар әмиянды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 мамырда Ақкөл қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын 21 мамыр күні сағат 13:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта белгісіз адам оның Subaru автокөлігінен құжаттары бар әмиянды ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы 60 мың теңгені құрады. Жәбірленуші көлікті үйдің жанына қойғанын айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің жеке басы анықталды. Бұған дейін сотталған 29 жастағы Ақкөл қаласының тұрғыны терезесі ашық көлікті көріп, иесінің үш банктік картасы мен құжаттары бар әмиянды ұрлап әкеткен. Карталарды пайдаланып, ер адам жергілікті дүкендерде сатып алу үшін ақы төлеген. Қаскүнемнің жеке басы тауар сатып алған дүкендердің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасының көмегімен анықталды.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ақмола полицейлері азаматтарды қырағы болуға және өз мүлкін қараусыз қалдырмауға, автомобильді сигнализациямен жабдықтауға, тіпті, аз уақытқа кетіп қалсаңыз да, оны кілттеп жүруді ескертеді. Сонымен қатар, өзіңіздің банктік картаңызбен жасалатын операциялар туралы білу үшін телефоныңызға SMS-хабарламаларды орнату керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру