Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола автожолында бензовоздан жанармай төгілді

Ақмолада автожолда бензовоздан жанармай төгілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында сағат 15:30-да Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Жібек жолы кентінің аумағында Екатеринбург-Алматы автожолының 1 289 шақырымында ЖЖМ төгілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Жүргізуші Нұр-Сұлтан қаласына бара жатқан, ол жеті тонна ЖЖМ тасымалдаған.

Оқиға орнына келген полицейлер техникалық ақаулықтың салдарынан DAF маркалы көліктің цистернасы герметизацияланып, көлік жүретін бөлікке үш тоннаға жуық ЖЖМ төгілгенін анықтады. Өтіп бара жатқан көліктер мен адамдар үшін қауіпті жағдай туындады. Аршалы ауданының ПБ қызметкерлері Ақмола облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен бірлесіп, осы күрделі жағдайға тез бағдарланып, өрт сөндірушілер келгенге дейін автожол учаскесін жедел жауып тастады. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автожолдың ластанған учаскесін сумен тазартып, құм септі.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 630-бабының 1-бөлігі (Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру