Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола колониясында сотталғандарға арналған мерекелік торттар дайындалды

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/4 қатаң режим мекемесінің аспаздары колония басшылығының тапсырмасы бойынша әр отрядтың сотталғандарына мерекелік торттар дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәтті жаңа жылдық тосынсыйлар кешкі асқа дайын болды. Аспазшылар оны аздап түрлендіруге тырысты: шырындар, жемістер мен шөптер қосты. 

– Жаңа жылдың құрметіне біз сотталушыларға мерекелік кешкі ас дайындауды ұйғардық. Бір күн бұрын сотталғандар туыстарымен телефон және видеобайланыс арқылы сөйлесіп, жаңа жылмен құттықтады, ал мерекелік кешкі ас, менің ойымша, әрқайсысының көңіл күйін көтерді, – дейді мекеме бастығы Руслан Уразметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру