Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің өндірістік аймағында жылыжай ашылды
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің өндірістік аймағында жылыжай ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
№7 мекеменің өндірістік аймағында жылыжай ашылды. Биыл сотталғандар алдын ала егіс жұмыстарымен айналысып, кейін көшет өсірді. Жылыжайдың жалпы аумағы – 220 шаршы метр. Мұнда бес сотталған еңбек етеді.
— Сотталғандарды еңбекпен қамту – қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет Басшысы кәсіпкерлерді ҚАЖ мекемелерінде өз бизнесін орналастыруға тарту жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған байланысты РМК "Еңбек" және ЖК "Гаврилова" бірлесіп, жылыжай шаруашылығын қолға алдық. Айта кету керек, нәтижесі жаман емес, сотталғандар мұнда қуана-қуана еңбек етеді. Келер жылы өсірілетін дақылдардың түрін кеңейтуге тырысамыз. Жалпы, шағын және орта бизнес өкілдерімен жұмысты арттыруды жоспарлап отырмыз, қазірдің өзінде бірқатар ұсыныстар бар, – деді мекеме бастығы Толеген Бикеев.
— Әр жылы біз жасақ аумағында гүл мен аздап көкөніс егеміз, бірақ бұл көбіне көгалдандыруға арналады, себебі климат құбылмалы, өнім көп шықпайды, көк тез қурайды. Ал жылыжай – мүлде бөлек дүние. Мұнда жұмыс істеген бізге қатты ұнайды: өсімдіктерді күтіп-баптау, өнім жинау – ерекше сезім сыйлайды. Бұл, психология тілінде айтқанда, бір түрдегі релаксация. Өсімдіктер әлеміне бойлаған сәтте айналаң жарық, таза, мейірімді болып көрінеді. Осындай мүмкіндік берген мекеме әкімшілігіне ризамыз – әрі табиғатқа жақындаймыз, әрі еңбегіміз үшін жалақы аламыз, – деп бөлісті жылыжайда еңбек етіп жүрген сотталғандардың бірі.