Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері ерекше білім беруді қажет ететін балалармен кездесті

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері ерекше білім беруді қажет ететін балалармен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысындағы №5 мекеменің қызметкерлері Урюпинка ауылында орналасқан арнайы балабақша-мектеп-интернат кешеніне барып, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен кездесті. Бұл мекемеде 3 пен 18 жас аралығындағы жүзге жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Мемлекеттік мекеме ұжымы әр балаға қолайлы түзету-педагогикалық қолдау көрсетуге барынша күш салып келеді.

Мекеме қызметкерлері бұл жерге жыл сайын барып тұруды дәстүрге айналдырған.

- Біз үшін бұл – жай ғана сапар емес, жүректен шыққан шынайы ниет. Жеке құрам жиі ауысып жатса да, балаларға бару дәстүрі сақталып келеді. Жастар да бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайды, – дейді мекеме басшысының орынбасары Нариман Хасенов.

Кездесу барысында балалар көңілді аниматорлардың ойындары мен әзілдеріне шаттана қатысты. Олар қуана жүгіріп, билеп, еркін ойын атмосферасына енді. Мекеме ұжымы әр балаға сыйлықтар дайындап келген: кеңсе тауарлары, спорттық құрал-жабдықтар – доптар, ракеткалар, секіргіштер, түрлі дамытушы ойындар, үстел ойындары, бояу мен қарындаштар және тәттілер.

Кездесу соңында балалар қимастықпен қонақтарды шығарып салып, қайта келуді өтінді.

- Жылы сөздер айтып, қол бұлғап, мейірімді көздерімен қараған балаларды артқа тастап кету біз үшін де ауыр сәт болды. Балаларымыз әрқашан бақытты болып, жүздерінен күлкі кетпесе екен дейміз, – деп түйіндеді Нариман Хасенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру