Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы ПД бастығы жұмыс сапарымен Степногорскіге барды

Ақмола облысы ПД бастығы 68 мыңнан астам азамат тұратын Степногорск қаласына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстың бас полицейі Думан Таев жергілікті тұрғындармен жеке қабылдау барысында кездесті. Облыстың бас полицейіне қаланың бірнеше шағын аудандарынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын ЖШС директоры Дэвид Мансуров жүгінді. Оның айтуынша көбінесе тұрғындар көліктерін қоқыс лақтыру орындарының жанында қалдырады. Бұл арнайы техниканың өтуін қиындатады.

– Жұмысшылардың жұмыс күні бұзылып, мекенжайға қайта оралуға мәжбүр болады. Қоқысты шығару процесі созылып, қаламыздың сыртқы келбетіне әсер етеді, – деп қынжылды ақмолалық.

Өз сөздерін растау үшін бей-жай қарамайтын қала тұрғыны бірнеше фотосурет көрсетті. Полиция департаментінің бастығы учаскелік инспекторларға қызмет көрсетілетін учаскелерде халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ ПИК және ОСИ төрағаларымен жиналыстар өткізуді тапсырды. Степногорск қаласының тағы бір тұрғыны, полицияның қоғамдық көмекшісі Абылайхан Таубалдин Степногорск қаласында уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды бейімдеу орталығының қызметін қайта бастау туралы мәселені көтерді.

Д. Таев Абылайхан Нұрмұқамбетұлының өзекті мәселелерді көтергенін атап өтіп, қала тұрғынына жанашырлығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді. Алайда оның шешімі тек полицияның құзыретіне ғана қатысты емес. Мұнда жергілікті атқарушы органдармен бірге әрекет ету керек.

Одан соң Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы жеке құраммен кездесті. Кеңес жұмысына Степногорск қаласының әкімі А. Қайыржанов қатысты. Кеңесте 2022 жылдың қорытындысы шығарылды. Думан Таев қатысушыларға ел Президентінің тапсырмаларын, сондай-ақ Ішкі істер министрінің алқа кеңесі барысында қойған талаптарын жеткізді.

Басты басымдықтардың бірі – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, есірткі қылмыстары мен мал ұрлығының жолын кесу болып қала береді. Департамент бастығы азаматтардың шақыртуларына уақытылы келуді, жол қозғалысы қауіпсіздігін, автокөлік құралдарын заңдастыруды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Думан Таев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударды, барлық мектептердің бейнебақылау камералары мен «дабыл түймелерін» ЖБО-ға және кезекші бөлімдерге қосу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Ақмоланың бас полицейі жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты сақтауына ерекше назар аударды. Сондай-ақ Думан Таев қатысушыларға 2022-2026 жылдарға арналған парасаттылықты тексеру бағдарламасы әзірленгенін еске салды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Степногорск қаласында 458 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл ретте аса ауыр санаттағы қылмыстардың саны 60%-ға, ауыр қылмыстардың саны 25,2%-ға, ауырлығы төмен қылмыстардың саны 12,2%-ға қысқарды. Отбасылық-тұрмыстық салада, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны да азайды. Қабылданған шаралар қала жолдарында 27-ден 16-ға дейін ЖКО санын азайтуға септігін тигізді.

Облыстық департамент басшысы құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің өсуіне және қылмыстардың ашылуына баса назар аудара отырып, бар кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берді. Полиция басқармасының бастығы Б. Утекинге қаланың проблемалық мәселелерін шешу бойынша бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарының орындалуын ерекше бақылауға алуды, азаматтардың өтініштері мен арыздарына тұрақты негізде мониторинг жүргізуді тапсырды. Жұмыс кеңесінің соңында полиция департаментінің бастығы полиция басқармасының үздік қызметкерлеріне «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісін табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру