Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы тұрғынының жоғалған картасынан ақша шешіп алған азамат ұсталды

Ақмола облысы тұрғынының жоғалған картасынан ақша шешіп алған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 18 қарашасында Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан өтініш келіп түсті, онда белгісіз тұлғалар ол жоғалтып алған банк картасынан 900 мың теңге сомасында ақша қаражатын алғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері өтініш берушінің картасынан ақша алған адамның жеке басын анықтады.

Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру