Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 148 отбасылық жанжалқор жауапқа тартылды

Ақмола облысында 148 отбасылық жанжалқор жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі күні профилактикалық іс-шаралар – полиция қызметкерлеріне тұрмыстық негізде құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды бақылау мақсатында оларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тұрмыстық қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Алдын алу жұмысында ҚР ӘҚБК 73-бабында (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік заңнама нормаларының мүмкіндіктері белсенді пайдаланылады.

Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері Ақмола облысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 148 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Ерекше талаптарды бұзғаны үшін 69 әкімшілік хаттама толтырылып, тұрмыстағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін 148 жанжалқор жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, ақмолалық полицейлер 126 қорғау нұсқамасын шығарып, осы нұсқаманы бұзған 46 отбасылық жанжалқорды жазалады. Сондай-ақ, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 132 адам, оның ішінде 98 бала Дағдарыс орталықтарына орналастырылды.

Мысалы, 20 наурызда Астрахан ауданының тұрғыны үш жас баласымен полициядан көмек сұрады, өйткені жұбайы әйелді қорлап, үйде жанжал шығарған, әйелге моральдық-психологиялық әсер еткен. Бұл отбасы полиция мен қоғам белсенділерінің күшімен Дағдарыс орталығына орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату мүмкіндігін зерделеуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы қылмыстың бұл түрі үшін жазаны қатайту және агрессорлардың мінез-құлқы үшін жауапкершілікті қалыптастыру қажет екендігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру