Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 1500-ге жуық ит иесі жазаланды

Ақмола облысында 1500-ге жуық ит иесі жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қадағалаусыз жүрген күзет иттері адамдарға шабуыл жасайды. Тәжірибе көрсеткендей, көпшілігі ауылдық жерлерде орын алады. Яғни, қараусыз жүрген иттердің адамдарға шабуыл жасау фактісі тіркеледі.

Олардың қатарында иелері елді мекенде серуендетуге алып жүрусіз жіберген күзет иттері де бар. Мұндай жағдайларда зардап шеккендер медициналық мекемеге жүгінгеннен кейін полицияға өтінішпен келеді.

Мәселен, өткен жылдың үш айында Ақмола полицейлері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 408-бабына (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) сәйкес 1 466 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде Зеренді ауданында – 133, Целиноград – 156, Степногорск қаласында – 111, Бурабай – 137, Сандықтау ауданында 119 адам.

Тәртіп сақшылары ӘҚБтК-нің 407-2-бабының 4-тармағына (Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу) сәйкес ескерту немесе жеке тұлғаларға 10 АЕК-ге дейінгі, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК-ге және заңды тұлғаларға 30 АЕК-ге дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылғанын еске салады.

Бұдан басқа, қағидаларға сәйкес, көзі бойынша мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін иттерден басқа көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалардың аула алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында иттерді серуендетуге тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру