Ақмола облысында 23 көлік айыптұраққа қойылды
Ақмола полицейлері «Қорғау» жүйесінің көмегімен жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзғандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазаның бұлтартпаушылығы және салынған айыппұлдарды уақытылы өндіріп алу қағидатын қамтамасыз ету, осы бағыттағы мүдделі органдардың тиісті өзара іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 19 желтоқсанынан бастап Ақмола облысының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ақмола полицейлері бұрын салынған әкімшілік айыппұлдарды төлемейтін, көлік құралын басқару құқығынан айырылған және салық пен алимент төлемейтін көлік құралдарының жүргізушілерін анықтау үшін тәртіп сақшыларының планшеттеріне орнатылған «Қорғау» бағдарламасын пайдаланады.
Бағдарлама жақын маңдағы полицейдің планшетіне хабарлама жібере отырып, көше камераларының деректерін талдау арқылы қауіпті жүргізушілерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, полицияның өрескел бұзушылықтарға жедел ден қоюына қол жеткізіледі және жол-көлік оқиғаларының алдын алады.
«Қорғау» бағдарламасының көмегімен жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған, төленбеген айыппұлдары бар 100-ге жуық жүргізуші анықталды. Жүргізушілерінде жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам айыппұлы бар 4 көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.
Мысалы, Қосшы қаласының тұрғыны Қырғызстан Республикасының есебінде тұрған Honda көлігімен Астана – Қабанбай батыр республикалық маңызы бар тас жолда жалпы сомасы 451 мың теңгеге 22 бұзушылыққа жол берген. Бұл жүргізуші «Қорғау» бағдарламасының көмегімен анықталды, содан кейін ол тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
21 желтоқсанда «Борышкер» ЖПІШ шеңберінде «Қорғау» жүйесінің көмегімен облыс орталығында жүргізушінің төленбеген 11 айыппұлы бар шетелдік есептегі Mitsubishi көлігі анықталды. Бұл ретте осы автокөліктің жүргізушісінде өзімен бірге тіркеу құжаттары болмаған. Бұл азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Айта кететін жайт, облыс бойынша ЖПІШ өткізілген үш күн ішінде айыппұл тұрақтарына 23 автокөлік қойылып, 30 млн теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді.