Ақмола облысында абаттандыру ережесін бұзған 13 адам жауапқа тартылды
Ақмола облысында абаттандыру ережелерін бұзған 13 адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен кәсіпкерлерге әрбір елді мекенде қар шығару үшін арнайы дайындалған алаңдар бар екенін ескертеді. Қардың санкцияланбаған шығарылуы көктемгі еру кезеңінде жақын маңдағы аумақтарды су басуына қауіп төндіруі мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген орындарға қар шығаруға жол берілмейді. Рұқсат етілмеген жерлерге қар шығаруды, Целиноград ауданы мен Қосшы қаласының аумағындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау, Астана қаласынан келетін ассенизаторлық машиналардың жүргізушілерінің іргелес аумақтарға келіп қоқыс үйінділерін төгуінің жолын кесу мақсатында Ақмола облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
17 қаңтарында ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор В.Алексеев пен инспектор Б.Шакенов 39 жүк көлігін тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша көлік құралдарының бірқатар жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 2-бөлігі, 590-бабы 9-бөлігі, 434-2 бабы 1-бөлігінің бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 13 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.