Ақмола облысында ағаш ұрлау фактісі анықталды
Ақмола облысында ағаш ұрлау фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 31 шілдесінде Сандықтау ауданының полиция бөліміне "Больше-Тюктинское" КММ басшылығынан ағаш ұрлау фактісі туралы өтініш келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, 58-кварталдың 23-шісінде белгісіз 5,16 текше метр қылқан жапырақты ағашты ұрлап кеткен. Материалдық залалдың мөлшері нақтылануда.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында полиция қызметкерлері қазіргі уақытта қатысы бар күдіктіні анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті ағашты алдыңғы тиегішпен жабдықталған тіркемесі бар Т-40 тракторымен шығарып, жергілікті тұрғынның жеріне жеткізген.
Естеріңізге сала кетейік, ағашты өз бетінше кесу немесе ұрлау, оның ішінде мемлекеттік орман қорының аумақтарында заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.