Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында алаяқтар тұрғынның атына заңсыз 13 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

Ақмола облысында алаяқтар тұрғынның атына заңсыз 13 млн теңгеден астам несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шортанды ауданының полиция бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғынның алаяқтық фактісі туралы өтініші келіп түсті. Ер адам полицейлерге осы жылдың 30 шілдеде белгісіз адамдар телефонға кезек-кезек қоңырау шалғанын айтты, олардың бірі өзін ұялы байланыс операторы, екіншісі құқық қорғау органдарының қызметкері, үшіншісі банк қызметкері деп таныстырды.

Қоңырау шалған бейтаныс адамдар оның шотынан рұқсат етілмеген ақша ұрлығын алдын алу сылтауымен жәбірленушіні әртүрлі банктерде 13 млн 796 мың теңге сомасында несиелер ресімдеуге және осы ақшалай қаражатты олар берген шоттарға аударуға мәжбүр етті.

Ауыл тұрғыны ақшаны аударғаннан кейін ғана, алаяқтарға тап болғанын түсінді. Осы факті бойынша полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Естеріңізге сала кетейік, баптың санкциясы 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны қарастырады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыскерлердің жеке басын анықтауға және оларды одан әрі ұстауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Полиция департаменті ақмолалықтарға ешқашан, қандай да бір сылтаумен үшінші тұлғаларға-банктердің, қауіпсіздік қызметтерінің, құқық қорғау органдарының, ұялы байланыс операторларының қызметкерлеріне және т.б. өздерінің дербес деректерін, карточкалық шоттардың деректемелерін, жеке абоненттік нөмірге түскен sms-кодтарды және т. б бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру