Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында автосервис қызметкері көлік ұрлап, жол апатына ұшырады

Ақмола облысында ТСҚ қызметкері автокөлік ұрлап, жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 желтоқсан сағат 20:13-те Бурабай АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан автосервиске жөндеуге апарған автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.

Техникалық қызмет көрсету станциясының 31 жастағы механигі мас күйінде өтініш берушіге тиесілі «Нива» маркалы автокөлігін ТҚС аумағынан айдап әкеткен. Ер адам автокөлікпен жүріп, Жедел басқару орталығының сыртқы бейнебақылау камерасының тірегіне зақым келтіріп, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Аталған факті бойынша Бурабай АПБ қызметкерлері қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі іс бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру