Ақмола облысында баласы қарт әкесіне дене жарақатын салды
Ақмола облысында баласы қарт әкесіне дене жарақатын салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола полицейлері отбасындағы қарт адамдарға қатысты зорлық-зомбылық, жас бойынша кемсітудің көрінісі болып табылатынын атап өтті. Полицейлердің айтуынша, күнделікті өмірде жасқа байланысты дискриминация кәрілікті қорлаудан көрінеді.
Мысалы, ағымдағы жылдың 17 сәуірінде түскі уақытта Көкшетау қаласының аулаларының бірінде әкесі мен баласы арасында жанжал болды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы жанжал кезінде бұрын сотталған 49 жастағы ұлы дұшпандық қарым-қатынас негізінде 81 жастағы әкесіне дене жарақатын салғанын анықтады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.
Мас күйінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу мақсатында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және есепте тұрған контингентпен, учаскелік полиция инспекторларымен, Ақмола облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобымен тұрақты негізде профилактикалық рейдтер жүргізіліп отыратындығын атап өту қажет.
Осылайша, 2021 жылдың басынан бастап тұрмыстағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 232 отбасылық жанжалқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 150 әкімшілік хаттама жасалды, сонымен қатар 73 ақмолалық өз жақындарын ұрып-соғып, сол үшін де жауапкершілікке тартылды.