Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында балықты құжатсыз тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Ақмола облысында балықты құжатсыз тасымалдаған жүргізуші ұсталды,  — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 6 ақпанында сағат 03:10-да Астана - Петропавловск автожолының 285 шақырымында Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Газель автокөлігін басқарған 27 жастағы ер адамды тоқтатты.

Жүк салғышты тексерген кезде полицейлер жалпы салмағы шамамен 2 тонна болатын мөңке балықтары бар қап тапты. Жүргізуші балықты сату үшін Солтүстік Қазақстан облысынан Астанаға тасымалдағанын, алайда өзімен бірге тиісті құжаттары болмағанын түсіндірді. Осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Сонымен қатар көлік құралын тексеру кезінде Газельде тиісті құжаттар мен рұқсаттарсыз қорап орнатылғаны анықталды. Осыған байланысты жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Полицейлер табиғи ресурстарды қорғауды реттейтін заңдарды сақтау қажеттілігін еске салады және азаматтарды браконьерлік фактілері туралы хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру