Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында бидай ұрлағандар ұсталды

Ақмола облысында бидай ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

16-cынан 20-ақпанға қараған түні Егіндікөл ауылының үш тұрғыны шаруа қожалықтарының бірінің қоймасынан "Икар" жаздық сұрыпты тұқымдық бидайын ұрлауға әрекет жасаған.Қаскүнімдердің бірі шаруа қожалығының қызметкері бола отырып, қоймаға кедергісіз кіру үшін аумақты білген және оның кілтін пайдаланған. Сыбайластар КАМАЗ 5511 жүк көлігімен ішке кіріп, шанаққа 11 тонна астық тиеп, 1 млн 903 мың теңге сомасына залал келтіріп, әкеткен.

Бірнеше күннен кейін қылмыскерлер жүк көлігіне тағы 10 тоннадан астам бидай салып, ұрлықты қайталауға тырысты. Алайда оларды ауыл тұрғыны байқап қалып, не болып жатқанын видеоға түсірді. Көп ұзамай күдіктілер жедел-іздестіру іс-шараларында ұсталды.

Ұрлық фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру