Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында бір күнде 15 бас мал иелеріне қайтарылған

Ақмола облысында 2021 жылғы 23-25 ақпан аралығында «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні облыс бойынша барлығы тоғыз мал ұрлығы ашылды, оның ішінде кезекші тәулікте ашылғаны төрт ұрлық, сондай-ақ, бұрын жасалған үш ұрлық ашылды. Сонымен қатар мал ұрлаған төрт адам ұсталды. 15 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды.

Республикалық тас жолдар мен жергілікті автожолдарда облыстың жергілікті полиция қызметі, криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлерінен құралған 37 мобильді топ қойылды, олар жергілікті жерлерде тасымалданатын мал мен ет өнімдерінің құжаттарын тексереді.

Бір күн ішінде полиция қызметкерлері мал мен ет өнімдерін тасымалдаған 64 автокөлікті тексеріп, заңнаманы бұзған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабымен (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) 20 хаттама толтырды. Салынған айыппұл сомасы 349409 теңгені құрайды. Сондай-ақ, 80 мал және ет өткізу пункті (базарлар, шағын базарлар, ет комбинаттары мен шұжық цехтары) тексерілді.

Қараусыз жайылып жүрген малды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде арнайы қораларға қараусыз жайылып жүрген 182 бас мал қамалып, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша 56 хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру