Ақмола облысында биыл 100-ге жуық жүргізуші мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұраққа көліктерін қойды
Ақмола облысында биыл 100-ге жуық жүргізуші мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұраққа көліктерін қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола полицейлері жыл бойы жол қозғалысына қатысушылардың назарын мүмкіндігі шектеулі адамдарға және олардың құқықтарына мұқият және құрметпен қарау қажеттілігіне аударады, мүгедектігі бар адамдарға арналған орындардың тұрақтарын тексеруді ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 597-бабының 4-бөлігіне сәйкес, мүгедек адамдардың көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою үшін бөлінген орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзу-он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, бұл қазіргі уақытта 36 920 теңгені құрайды. Мәселен, 2024 жылдың басынан бастап Ақмола полицейлері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарда тұрақ үшін 99 автокөлік иесіне қатысты әкімшілік хаттамалар жасады.
Заң бұзушылықтардың едәуір бөлігі олармен бетпе-бет келген және оларды видеоға түсірген азаматтардың қырағылығының арқасында анықталды.