Ақмола облысында дағдарыс орталықтары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 264 құрбанына көмек көрсетті
Ақмола облысында дағдарыс орталықтары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 264 құрбанына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Участок» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері ақмолалықтарға тұрмыстағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді. Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу барлық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылымен ғана мүмкін болатынын атап өтті.
Бүгінгі күні өңірдің сегіз дағдарыс орталығы Степногорск, Щучинск, Көкшетау, Атбасар, Державинск, Макинск қалаларында және Целиноград ауданының Ақмол ауылында орналасқан. Жыл басынан бері дағдарыс орталықтары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 264 құрбанына, оның ішінде 187 балаға психологиялық оңалту және көмек көрсетті.
Учаскелік полиция инспекторлары полицияның есебінде тұрған тұрмысы нашар отбасыларға барған кезде, ал қазіргі уақытта олардың саны 746-ға жуық болса, осындай отбасының әрбір мүшесіне дағдарыс орталықтарының жұмысы туралы ақпарат жеткізеді.
Жедел алдын алу шарасы аясында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен кездескен және сөйлескен полицейлер оларға өз құқықтарын заңнамалық қорғау туралы айтып, олардың құқықтық сауаттылығын арттырады, сонымен қатар полицейлер қажетті ақпарат бар парақшалар мен жадынамалар таратады.
9 айда Ақмола облысының учаскелік инспекторлары отбасылық жанжалдаушыларға қатысты 2596 қорғау нұсқамасын және құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы 527 қаулы шығарғанын атап өту қажет. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 760 адам жауапкершілікке тартылды.