Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында демалыс аймағынан екі теледидарды ұрлап кеткен күдікті қолға түсті

Ақмола облысында демалыс аймағынан екі теледидарды ұрлап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Целиноград ауданының полиция бөліміне жеке кәсіпкер өтініш білдіріп, демалыс базасының үй-жайынан екі «LG» теледидарын ұрлау фактісі туралы хабарлады.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде 1987 жылы туған Астана қаласының тұрғынын ұстады.

Полиция қызметкерлері ер адамның бұрын кәсіпкерде жұмыс істегенін анықтады, осыған байланысты оған үй-жайлар мен бейнебақылау камераларының орналасуы белгілі болған.

Туристерге арналған жеке үйлердің аумағында бөгде адамдар болмағанын пайдаланып, ұры пластикалық терезені бұзып, екі теледидар шығарды, содан кейін орман арқылы тас жолға жетіп алады да, теледидарды кездейсоқ жолаушыларға сатқан.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру