Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында дүкеннен қарт адамның әмиянын ұрлап кеткен күдікті анықталды

Ақмола облысында дүкеннен қарт адамның әмиянын ұрлап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 24 қыркүйек күні Қосшы қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан ұрлық фактісі туралы арызы келіп түсті.

Зейнеткер 21 қыркүйек күні ірі сауда үйлерінің бірінде белгісіз азаматтың өзіне тиесілі ақшаны ұрлап кеткенін хабарлады.

Арызданушының айтуынша, ол сауда үйінің кассасынан сатып алған заттарының ақысын төлеген, бірақ кассаның сөрелерінің бірінде әмиянын ұмытып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңге. Қарт сауда үйіне қайта барып қарағанда әмиянын таппаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, куәгерлерден жауап алып, күдіктінің сыртқы келбетінің белгілерін анықтады.

Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нік 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру