Ақмола облысында ер адам соққыға жығылды
Ақмола облысында ер адам соққыға жығылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 19 тамызында Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам белгісіз үш адам оған дене жарақатын салғанын және 60 мың теңге сомасында ақша қаражатын талап еткенін хабарлады.
Жәбірленуші такси қызметін пайдаланып, Атбасар ауданының бірқатар ауылдарына барғаны анықталды. Облыс орталығына келген бойда ер адам жүргізушіден пәтерге ақша іздеп келгенше күтуін өтінді, бірақ үйге кірген кезде клиент кенеттен ұйықтап қалған.
Нәтижесінде такси жүргізушісі жолаушыны ұзақ уақыт бойы күтіп, кейін клиентпен кездесіп, төлемнің кешеуілдеу себебін анықтау үшін достарын кездесуге шақырды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 28 жастан 30 жасқа дейінгі тұрғындарын анықтады. Үш күдіктіні жедел уәкілдер жауап беру үшін Полиция басқармасына жеткізді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 389-бабының 3-бөлігі (Өз бетінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының күш қолданумен немесе оны қолдану қаупімен жасалған қорқыту үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде барынша жазалауды көздейтінін естеріңізге сала кетейік.
Күдіктілерге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.