Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ер адам жылқы аламын деп ақшасынан айырылды

Ақмола облысында ер адам жылқы аламын деп ақшасынан айырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қымбат мүлікті (мал, автомобильдер, жылжымайтын мүлік) сатып алу кезінде әрдайым меншік құқығын тексеруді ескертеді , бейтаныс адамдарға, әсіресе телефон қоңыраулары немесе интернет-хабарландырулар негізінде үлкен соманы аудармаңыз. Есіңізде болсын: алаяқтар сенімділікпен пайдаланады.

Мәселен, Ақмола облысы ПД полиция бөлімдерінің біріне елорда тұрғынынан отбасының 5 млн 850 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын белгісіз біреу алаяқтық жолмен иемденгені туралы өтініш келіп түсті.

Жәбірленушілердің айтуынша, осы жылдың 1 тамызында өтініш берушінің жұбайына WhatsApp қосымшасы арқылы белгісіз адам қоңырау шалып, өзін сатушы ретінде таныстырып, 15 жылқы сатып алуды ұсынды.

Ер адам малды тексеру үшін ауылға шықты. Ол жерде оған жылқыларды көрсеткен, бірақ күдікті жануарлардың иесі оның туысы екенін түсіндіріп, сатып алушыны онымен байланысқа түспеуге көндірді.

Жылқыларды көргеннен кейін жәбірленуші жалған сатушының банктік шотына 1 млн 850 мың теңге алдын ала төлем аударды, ал кейінірек оның жұбайы қалған соманы қосымша аударды.

Алайда келесі күні жылқыларды алып кетуге тырысқанда, қашаның нағыз иесі жануарлардың оған тиесілі екенін және сатылымға шығарылмағанын айтты. Осы сәттен бастап алаяқ байланысқа шығуды тоқтатты.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өзіңізді алаяқтықтан қорғау үшін әрқашан сатушыны тексеріңіз, қоңырау шалыңыз, деректерді нақтылаңыз, жеке кездесуді талап етіңіз. Сатып алу және банктік қызмет көрсету үшін ресми сайттар мен қолданбаларды пайдаланыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру