Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есепке алынған азаматтарды бейімдеу жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысында Қоғамдық кеңес өңірдің барлық аудандарында өз жұмысын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен құрылған бұл кеңес әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ әртүрлі есепте тұрған азаматтардың әлеуметтенуіне қолдау көрсету мақсатында жұмыс істеуде. Кеңес аясында түрлі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғам белсенділерінің өкілдері есепке алынған азаматтармен тікелей байланыс орнатып, оларға нақты көмек көрсетеді.

Кеңес отырыстарында есепке алынған азаматтарға жұмыспен қамту, психологиялық қолдау көрсету, әлеуметтендіру, отбасылық-тұрмыстық мәселелерді шешу, зиянды әдеттерден арылу секілді көкейкесті мәселелер бойынша нақты ұсыныстар беріледі. Ашық диалог барысында әрбір адамның жеке жағдайы қаралып, қажетті қолдау шаралары талқыланады.

5 қарашада қоғамдық кеңес Бурабай ауданы Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы жалпы білім беретін мектепте өз жұмысын жалғастырды. Отырыс Ақмола облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, Серік Абуталипов пен «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айгүл Нұрмағанбетованың жетекшілігімен өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, білім беру және денсаулық сақтау бөлімдерінің өкілдері, «ЛидерКз» еріктілер қозғалысы жетекшісі В.Баимова, «Бурабай ауданының отбасыларын қолдау орталығы» қызметкерлері, полицияның учаскелік инспекторлары, сондай-ақ ауылдың белсенді тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында Бурабай ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік инспекторы Ю. Товмасян есепке алынған 7 азаматтың әрқайсысына жеке сипаттама беріп, олардың әлеуметтік бейімделуіне қатысты қолданылып жатқан шараларды баяндады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту, есепке қою, қажет болған жағдайда алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу мәселелері де қозғалды. Әрбір құқық бұзушыға мінез-құлықты түзету бойынша ұсыныстар, соның ішінде алкогольдік ішімдіктерден бас тарту, жұмысқа орналасу, психолог пен әлеуметтік қызметкерлердің кеңесіне жүгіну сынды ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар бұл азаматтарды жұмысшы мамандықтарына оқытуға жәрдемдесу және болашақта әрбір есепте тұрған адамға жеке тәлімгер тағайындау жоспарлануда. Тәлімгерлік аясында оларға шағын бизнес ашу, кәсіпкерлікті дамыту бойынша кезең-кезеңімен ақпарат берілмек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру