Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында есірткі сақтаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Көкшетауда есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады. Жедел-іздестіру іс-шарасында күдіктіден тек есірткі ғана емес, діни әдебиеттің ірі партиясы тәркіленді. Полицейлер жеке тінту кезінде екі гашиш түйіншекті тапты. Ал тұрғылықты жерін тінту барысында 200 грамм марихуана мен тағы діни әдебиеттер салынған байлам тәркіленді.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарының бірінде орналасқан күдіктінің ата-анасының үйін тексеру кезінде жедел уәкілдер 3,5 келі марихуана салынған сөмкені тапты. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, ұстау кезінде ер адам есірткіден мас болған.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ есірткі құралдарын пайдаланғаны үшін жауапқа тартылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру