Ақмола облысында есірткі сататын сайтты жарнамалаған екі петропавлдық ұсталды
Ақмола облысында есірткі сататын сайтты жарнамалаған екі петропавлдық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Ақмола полицейлері Ерейментау қаласының ғимараттарының қабырғалары мен қоршауларына есірткі жарнамалайтын сайтты жазып жүрген Петропавл қаласының екі тұрғынын УҰИ-ға қамады.
Құқық бұзушылар өздері түсіндіргендей, олар ұсталардың алдында бірнеше күн бұрын интернет арқылы трафарет салушы ретінде жұмысқа орналасқан. Жұмыстың құқыққа қайшы сипатын қасақана біле тұра, Ерейментауға келіп, қонақ үйде тоқтап, түннің болғанын күтіп, қала көшелерінде жазбаларды жаза бастаған. Алайда бірінші «ауысымда» қылмыс орнында ұсталған.
Олардан трафарет, бояуы бар баллончиктер алынды. Аталған заттар сыртқы бақылау камераларының жазбалары сияқты дәлелдемелер негізіне алынды.
Ұсталғандар УҰИ қамалды. ҚР ҚК-нің 299-1 бабы (Есірткі жарнамасы мен насихаттау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қаскөйлер 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, ІІМ «OLX Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен курьерлік жұмыс ұсыныстары түріндегі есірткі «жасырып кетушіні» жалдау туралы хабарландыруларды анықтау және бұғаттау туралы келісімге қол жеткізді. Биылдың өзінде 100-ден аса осындай хабарландыру жойылды.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында есірткі жарнамасы мен насихаты фактілері бойынша 33 қылмыстық іс тіркелді.
Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тарату туралы ақпаратты қамтитын контенті бар 565 сайт, аккаунт және басқа да ресурстар анықталды.
Сондай-ақ, 3900 есірткі заттарды жарнамалайтын граффити сурет жойылды.