Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есірткі заттарын табу бойынша үздік қызметтік ит анықталды

Ақмолалық кинолог Денис Аникеев қызметтік иті Макспен бірге есірткі заттарын іздеу бойынша үздік маман атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы Денис Аникеев өзінің төрт аяқты серіктесі Макс лақап атты итімен бірге ҚР Ұлттық ұлан “Орталық” өңірлік қолбасшылығының кубогына арналған турнирге қатысты.

Кинолог-мамандар арасындағы байқау кинологиялық қызметтің бірнеше бағыты бойынша өткізілді – іздестіру жұмыстары, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу жұмыстары. Полицейлер командасы Ақмола өңірінің атынан қатысып, есірткі заттарын іздеу турнирінің жеңімпазы атанды.

Денис Макспен бірге бірнеше нысандарда есірткі имитаторын табуы керек еді. Олар көлік құралының салонын, багажды, гаражды және үй-жайды тінту арқылы есірткі имитаторын іздеді.

Барлық тапсырмаларды орындап, тыйым салынған заттарды тапқаннан кейін Ақмола командасы бірінші орынды иеленді. Денис Аникеев Кубок пен “Есірткіні іздеу жұмысы бойынша үздік кинолог” атағын жеңіп алды.

Айта кету керек, Денис пен Макс серіктес ретінде шамамен бір жыл қызмет етеді. Олар бірге полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел іс-шараларына, сондай-ақ түрлі профилактикалық іс-шараларға бірнеше рет қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру