Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есірткі жасырумен айналысқан күдікті 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Ақмола облысында есірткі жасырумен айналысқан күдікті 15 жылға дейін сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері есірткі жасырып кетумен айналысқан жас жігітті “жұмыс орнында” ұстады. Жеке тінту кезінде жедел уәкілдер 19 жастағы солтүстікқазақстандықтан 23 полиэтилен орамасын, тағы 24-ін полицейлер жалдамалы пәтерден тапты. Жүргізілген сараптама көрсеткендей, күдікті a-PVP психотроптық затын таратқан, ол жалпы салмағы 40 грамнан асады, бұл өте үлкен мөлшер болып саналады.

Өткізу фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізеді, оның барысында жас жігіт қамауда болады.

Полицейлер жастарға оңай ақша табудың қауіптілігі туралы тағы да ескертеді. Апта сайын дерлік аймақта есірткі заттарын жасырып кету арқылы тарату фактілері жиілеген, ал 18-30 жас аралығындағы жастар жиі курьер болады.

Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Психотроптық заттарды заңсыз өткізу) бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру