Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есірткіге мас күйінде жүргізуші ұсталды

Ақмола облысында есірткіге мас күйінде жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД патрульдік полиция взводының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында Атбасар қаласында «LADA VESTA» маркалы автокөлікті тоқтатты. Себебі оның 21 жастағы жүргізушісі полицейлердің күдігін тудырды.

Құжаттарды тексергеннен кейін 2023 жылы автокөлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және 7 жыл мерзімге басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыруға жіберу туралы шешім қабылдады. Куәландыру нәтижелері бойынша жүргізушінің «канабиноидтарды» қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болғаны анықталды.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік мас күйінде жүрген адамды көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру